Telegram Web Link
Мен: «Импульсивті шығындарға жол жоқ»

Teez: «БАРЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН 6000₸-ден жоғары тапсырыстарға -3000₸ жеңілдік беретін жаңа промокод, саны шектеулі!» 😁

Иә, бұл расGIFT3000. Тексеріп көрдік, әзірге жұмыс істеп тұр!

Промокодты қолдану үшін қосымшада төлем алдында арнайы жолаққа енгізу керек.

Қалай тиімді төлем жасауға болады? 10 000₸-ден басталатын тапсырыстарды 0-0-6 бөліп төлеуге рәсімдеуге болады.Егер өз қаражатыңызбен төлесеңіз, Home Card-пен 5%-ға дейін, Freedom картасымен 7%-ға дейін кешбэк алуға болады.

Скриншоттарда оқырмандарымыздың тапсырыстары. Ал сіздер соңғы кездері Teez-де кездестірген үздік тауар қандай?

https://www.tg-me.com/tiimdiqazaqstan
Қалааралық сапар — бар болғаны 750₸ 🤯

Яндекс GO қосымшасындағы қалааралық сапарлар бөлімінде алғашқы екі сапарға -75% жеңілдік беретін купондар пайда болды (барлығында болуы керек, бірақ өзіңізде тексеріп көріңіз). Аталмыш жеңілдікпен сапар бағасы өте тиімді шығады. Бағадағы айырмашылықты жүргізушілерге компания өзі төлейді.

Баға мысалдары:
• Шымкент — Түркістан (165,6 км) — 750₸-ден бастап
• Семей — Өскемен (218,7 км) — 1250₸-ден бастап
• Алматы — Талдықорған (262,5 км) — 1250₸-ден бастап
• Павлодар — Астана (437,2 км) — 2000₸-ден бастап
• Алматы — Қонаев (73,3 км) — 1960₸-ден бастап
• Шымкент — Тараз (184,2 км) — 880₸-ден бастап

Жеңілдікті қолдану шарттары:
— Көліктер «Эконом» класында, «Жолсерік» тарифімен шақырылады.
— Сапар кезінде көлікте тағы екі жолсерік болады.
— Тіпті жолсерік табылмаса да, сіз бәрібір белгіленген баға бойынша жетесіз.
— Өздеріңізбен бірге бір шағын багаж алуға болады.
— Жолсеріктермен бірге баруды немесе бүкіл салонды броньдауды таңдауға болады.

Белгілі бір күн мен уақытқа алдын ала тапсырыс берсеңіз, баға бекітіледі. Барлық бағыттар тізімін 👉 сілтемеден көре аласыздар.

https://www.tg-me.com/tiimdiqazaqstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Пайдалы контент ұсынатын алты Қазақстандық Telegram-арна

Auto News KZ – Қазақстандағы автокөлік әлемі туралы ақпараттар. Жаңалықтар, жаңа модельдерге шолулар, пайдалы кеңестер. Арнада ақылы жолдар, жеңілдетілген автонесиелер, айыппұлдарды тиімді төлеу мен басқа да маңызды ақпараттар жинақталған. Толығырақ.

Казахский язык - қазақ тілін ыңғайлы форматта үйренуге арналған қауымдастық. Әр кеш сайын тегін онлайн-сабақтар өткізіледі, сондай-ақ өз бетінше оқу үшін пайдалы материалдар жарияланады. Қазақ тілін үйренгісі келетіндер үшін таптырмас ресурс. Қазақ тілін оқуды бастау.

Nomad Soul – саяхатшылар үшін пайдалы арна. Ұшақ билеттеріне арналған үздік науқандар мен чартерлік рейстер жарияланады. Елдер бойынша гайдтар, визалар бойынша нұсқаулықтар мен кез келген жағдайда көмек қолын созатын белсенді чат. Өту.

Тіл үйренуге арналған тегін бот – ағылшын, испан, неміс, француз, түрік немесе корей тілдерін үйренгісі келетіндерге арналған ЖИ-бот. Күніне небары 5 минуттық шағын сабақтар арқылы үйренесіз. Ботта толыққанды IELTS Speaking тесті, дауыстық хабарламалар мен қоңыраулар, онлайн аудармашы мен шетелдіктермен чат бар. Тіл үйренуді бастау.

Авиабилеты из Казахстана – өз бетімен саяхаттауды қалайтындарға арналған арна. Авторлар арзан ұшақ билеттері, акциялар, туризм жаңалықтары мен пайдалы кеңестермен бөліседі. Бекітілген хабарламаларда гайдтар бар: шетелдегі сауданы тиімді төлеу, сапарда қандай карта қолданған жөн, әуежайлардың lounge-аймақтарына қалай тегін кіруге болады деген сияқты басқа да ақпараттар қолжетімді. Арнаға өту.

Квартира с террасой – Астанадағы жылжымайтын мүлік туралы пайдалы арна. Тұрғын үй кешендеріне шолулар, пәтерлер топтамасы, нарық жаңалықтары. Арнада ипотека туралы ақпарат жиі жарияланады – қай банктен және қандай шарттармен алған тиімді деген сияқты. Арнаға өту.

https://www.tg-me.com/tiimdiqazaqstan
Пассивті табыс па, әлде бас қатырар шаруа ма?

Осындай вендинг кофе автоматтарын «оңай ақша табудың» тәсілі ретінде жиі жарнамалайды: автоматты орнатып қоясың да, айына 200–300 мың теңге пассивті түрде табыс алып отырасың дейді. Қызығушылық тудыратыны рас, бірақ шындығына келгенде бәрі анау айтқандай оңай емес.

Өз-өзіне қызмет көрсететін кофе автоматтарын ашу қаншалықты табысты? Threads-та бірнеше аппараттың иесі болған А.Елікбаевтің пікірін көріп қалдық.

📍 Табысы табу мүмкін нәрсе, бірақ ол үшін аппарат халық көп жүретін жерде тұруы керек.
⚙️ Бірақ нюанстары да жетерлік: техника жиі бұзылады, үнемі қайта толтырып, тазалап, керек-жарақтарын ауыстырып отыру керек.
🤦‍♂️ Күтпеген «шығындар» да бар: біреу 10 стақанды бірден алып кетеді, біреу сироп төгеді, қантты шашып тастайды деген сияқты.

Сондықтан тұрақты бақылау мен аптасына 2–3 рет барып тұруға мүмкіндік болмаса, бұл бизнесті алып жүру қиын. Мұны пассивті табыс деу қиын. Ал мұндай аппараттардың бағасы 2–5 миллион теңге аралығында.

Араларыңызда осындай іспен айналысқандар бар ма? Тәжірибеңізбен бөлісе отырсаңыздар 🙌

https://www.tg-me.com/tiimdiqazaqstan
Қазақстанда декреттік төлем ережелері өзгерді: енді соманы «көбейту» мүмкін болмайды

28 наурызда Еңбек министрлігі жүктілік пен босануға, сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдерді есептеу ережелеріне өзгерістер енгізді. Себебі – алаяқтық жағдайларының жиілеп кетуі. Жаңа ереже 8 сәуірден бастап күшіне енеді.

Нақты қандай өзгерістер енгенін қарапайым тілмен түсіндірейік:

1. Бала күтімі бойынша біржолғы төлем (халық арасында – декреттік төлем, үлкен сома). Бұрын әйелдің бірнеше жұмысы болса (мысалы, екі қызметтік жұмыс және жеке кәсіпкерлігі), әрқайсысынан максималды төлем алуға мүмкіндігі бар еді. Енді жалпы сома 2 249 100₸-ден аспауы керек.

Неге? Өйткені табыс есептегенде енді тек 7 ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) дейінгі соманы ғана ескереді. 2025 жылы бұл – айына 595 000₸. Егер табыс одан жоғары болса немесе бірнеше жұмысы болса да, бәрібір ең көбі 595 мың теңге ретінде есептеледі.

2. 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне ай сайынғы төлемдер. Бұрын декреттік демалысқа шыққаннан кейін кейбір әйелдер аударымдарын жалғастырып, төлем мөлшерін арттыру мүмкіндігін қолданатын. Енді бұл әдіс жұмыс істемейді – қосымша аударымдар есепке алынбайды.

Қысқа да нұсқа қорытынды:
А) Үкімет жүйені алдап, тиесілі мөлшерден артық төлем алатындарды анықтады. Енді осындай айла-амалдар мүмкін болмайды.
Ә) Егер сіздің бір ғана жұмысыңыз (ЖК немесе жалдамалы жұмыс) болса, бұл өзгерістер сізге әсер етпейді. Жалпы төлем мөлшері азайған жоқ.

https://www.tg-me.com/tiimdiqazaqstan
Көп адамға осындай хабарлама келген. OGO банкі 1 мамырдан бастап жұмысын тоқтатады

Сонымен қатар, тиімді лайфхактары мен бонустары үшін біз арнада бірнеше рет бөліскен OGO картасы да қолданыстан шығады. Өте тиімді карта еді, бірақ activ пен Kcell әлі де керемет өнімдермен қуантады деп сенеміз!

Аталмыш картаны қолданғандар / әлі де қолданып жүргендерден - Press 👏
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанадан «ерекше» автомеханикті кездестіруге болады. Оны «ерекше» деп ролик авторы @miken.kz атайды, бірақ жақсы мағынада.

Механиктің аты – Талғат. Ол көпшілік шеберлерден өзгеше жұмыс істейді. Басқалары клиенттерді жаңа бөлшек сатып алуға жіберсе, Талғат ең алдымен ескісін жөндеп көруге тырысады. Бұл сіздің уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдейді.

Ол бала кезінен көліктерге қызығады, сондықтан жөндеу жұмыстары – жай ғана жұмыс емес, шынайы ләззат сыйлайтын іс. Сол себепті ол әр ақаудың түпкі себебін мұқият іздеп, оны толығымен жояды. Нәтижесінде клиенттер жөнделген көлікпен ғана емес, жұмыстың адал атқарылғанына деген сеніммен қайтады. Талғаттың бұл кәсіппен 30 жылдан астам уақыт айналысуы таңқаларлық жағдай емес. Себебі сүйікті ісің болса, ол тек қуаныш сыйлары анық.

📲 Біз Талғаттың байланыс нөмірін іздеп тауып алдық. Ол Астанада, Регион 01 автосалонында жұмыс істейді. Байланыс нөмірі: +7 (708) 895 02 38.

Осындай жан-тәнімен жұмыс істейтін басқа шеберлерді білесіздер ме? Пікірлер бөлімінде бөлісе отырыңыздар, сенімді мамандар іздейтін жандар көп екені анық!👇

Дереккөз | https://www.tg-me.com/tiimdiqazaqstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сәуір! Банк карталары бойынша жоғарылатылған кешбэк санаттары

Жаңа санаттар:
• Коммуналдық төлемдер: 10% (Forte)
• Zebra Coffee: 10% (Forte)
• Дәріханалар: 5% (Forte)
• Көлік қызметтері: 5%(Forte)
• Temu, Wildberries, OZON, Aliexpress: 5% (Forte)
• Сұлулық пен күтім: 5% (Forte)

Сапарлар:
• Onay, Avtobys, AlemPay: 100% (activ, Kcell абоненттері «Отбасылық (Семейный)» тарифі бойынша)*
• Aviata ұсынатын әуе және темір жол билеттері: 5%-дан 14%-ға дейін (Freedom Bank)
• Такси: 20%-ға дейін (Яндекс Плюс Forte картасы)*, 10% (Bereke, Forte), 7% (Jusan), 5% (Автокарта)

Тағам мен азық-түлік:
• Arbuzkz: 15%-дан 22%-ға дейін (Freedom Bank)
• Яндекс Go (Тағам бөлімі), Wolt, Glovo: 5% (Jusan), 5%-ға дейін (Яндекс Плюс Forte картасы)*
• Choco мен Рядом: от 10% до 17% (Freedom Bank)
• Супермаркеттер мен дүкендер: 5 немесе 10% (Home Card Lite)
• Дәмханалар мен мейрамханалар: 5% (Forte)

Ойын-сауық:
• Ticketon: 8%-дан 15%-ға дейін (Freedom Bank)
• Кино, концерттер, театрлар, аттракциондар: 30% (Еуразиялық банк)
• Кино мен афиша: 30% (Bereke)

Көлік:
• Жанармай бекеттері: 10% (Bereke), 8%-ға дейін (Яндекс Плюс Forte картасы)*, 7%-ға дейін (Автокарта), 5 немесе 10% (Home Card Lite)
• Шиналар: от 5% до 12% (Freedom Drive)
• Сақтандыру: КАСКО - 23%, ОГПО - 5% (Freedom Bank)*

Әртүрлі:
• Коммуналдық төлемдер: 20% (activ, Kcell абоненттері «Отбасылық (Семейный)» тарифі бойынша)*, 5 немесе 10% (Home Card Lite, максимум 1000Б), 1%-дан 7%-ға дейін (Bereke)*
• Смартфондар: 37%-ға дейін (Freedom Mobile)
• Туристерге арналған сақтандыру: 20% (Freedom Bank)
• Медорталықтар, әуе билеттері, жиһаз, балаларға арналған тауарлар мен т.б: 5% (Jusan)
• Naimikz: 10%-дан бастап (Freedom Bank).
• Жазылымдар (Яндекс Плюс, iCloud, YouTube Premium мен т.б.): 15% (Jusan)

Бірнеше карта ашқым келмейді, не істесем болады? — Төмендегі карталардың біреуін ғана ашып шамамен барлық жерде жоғарылатылған кешбэк алуға болады:
• 7%-ға дейін — Freedom Bank | Bereke
• 5%-ға дейі — Home Card
• 4%-ға дейі — Simply | RBK Signature

Өзгерістер: Bereke банк қалыпты бонустарды 1.5%-дан 1%-ға дейін төмендетті, сондай-ақ кешбэкке арналған депозит бойынша шарттарды көбейтті, енді: 3% кешбэк - 500 000₸, 5% - 1 млн ₸, ал «Такси 10%», «Жанармай бекеттері 10%», «Кино 30%» санаттары «Меморина» ойынына көшеді. Егер сіздің депозитіңіз 5 000 000₸-ден басталса, бонустар шегі 30 000Б болады, ал картаға жалақы алатын клиенттер айына 15 000Б дейін ала алады.

Қажеттілік бойынша карталарға шолу: балалар карталары | несие карталары | премиум карталар | мультивалюталы карталар | жалақы карталары | шетелге саяхатқа арналған карталар.

• Кешбэк арқылы табыс тауып үйрену бойынша
👉 нұсқаулық.
• Карталарды толтыру бойынша нұсқаулық 👉 сілтемеде.

*Кешбэк бойынша шектеулер мен толық шарттары гиперсілтемелерде көрсетілген | https://www.tg-me.com/podeshevlekz
Енді жолды жауып тұрған жүргізушіні күтудің қажеті жоқ 🚗

2025 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда жүргізушілерге арналған жаңа қызмет іске қосылды. Бұл қызметтің көмегімен кез келген азамат автокөлік иесін анонимді түрде көлігімен байланысты мәселе туралы хабардар ете алады.

Қызмет мынадай жағдайларда көмектеседі:
• Көлік жолды жауып тұрса
• Дабыл жүйесі іске қосылып қалса
• Сапар кезінде шамдары өшіп тұрса
• Басқа да күтпеген жағдайлар

Біз, айтпақшы, бұл қызметті тексеріп көрдік. Жұмыс істеп тұр, бізге бірден SMS келді (скриншотта көрсетілген)👍

Қалай қолдануға болады?
1. eGov Mobile қосымшасына кіру. Тіркелу бойынша нұсқаулық.
2. Басты беттен «Автокөлік иесіне мәселе туралы хабарлау» бөлімін таңдау
3. Көліктің мемлекеттік нөмірін енгізу
4. Мәселе түрін таңдау
5. Хабарлама жіберу

Жүргізуші SMS немесе push-хабарлама алады, бірақ сіздің жеке деректеріңіз құпия сақталады. Хабарламаны оқу үшін жүргізуші eGov Mobile қосымшасына кіруі керек, бірақ болашақта бұл қызмет бот арқылы жұмыс істейтін болады деген жоспар бар.

https://www.tg-me.com/tiimdiqazaqstan
Жазға салқындатқыш (кондиционер) таңдаймыз

Егер биыл кондиционер сатып алуды жоспарласаңыз, оны маусым басталмай тұрып алған дұрыс. Себебі жазғы ыстықта бағалар көтеріліп, таңдау азайып, ал орнату үшін кезек апталап болып кетеді. Сондықтан біз аталмыш сұрақ бойынша пайдалы болуы мүмкін деген ақпараттарды топтастырдық.

Оқырмандарымыз қандай брендтер мен үлгілер ұсынады?
• Қарапайым кондиционерлер: Gree, Almacom, Electrolux, BEKO, Comfee, Klima, Chigo, ARG. Бізде үйде Aray+ маркалы кондиционер бар – өз бағасына тұрарлық. қайта алсақ, дәл осы брендті таңдар едік.
• Инверторлық кондиционерлер: Midea, Gree, LG D09TT2, Neo ACFR-09T Fresh пен Almacom.

Айырмашылығы қандай?
Инверторлық кондиционерлер қымбатырақ, бірақ олар температураны дәлірек ұстайды, дыбыссыз жұмыс істейді әрі электр қуатын аз тұтынады. Сонымен қатар, ауа сүзгілеу жүйесі жақсырақ болуы мүмкін. Егер бюджетіңіз жеткілікті болса, осындай үлгіні таңдауға болады. Midea бренді – баға мен сапа тұрғысынан орнатушылар мен сатып алушылар тарапынан жоғары бағаланатын нұсқа. Gree де жақсы таңдау 👍

Оқырмандарымыз қандай кеңестер ұсынады?
Біз оларды бір мақалаға жазып шықтық, 👉 сілтемеден оқи аласыздар.

Қалай тиімді сатып алуға болады? Мына жазбаны қарап шығыңыз.

Кондиционер орнатушыларды қалай табамыз?
Егер сізде сенімді орнатушы болмаса, Naimi платформасы арқылы іздеуге болады (онда пікірлер бар, сондай-ақ қызмет көрсетілгеннен кейін ғана төлем жасауға болатын қауіпсіз төлем жүйесі бар). Freedom картасымен төлем жасасаңыз, 11-15% кэшбэк беріледі. Нұсқаулық.

Жаңа қолданушыларға 1100 бонус беретін N7KSX94 промокоды бар (профиль бөлімінде енгізіңіз). 100 бонус тіркелгеннен кейін, 500 бонус алғашқы пікірден соң және тағы 500 бонус егер сіз маман ретінде тіркелсеңіз, ол тегін.

Пікірлер бөлімінде өз тәжірибеңізбен бөліссеңіз болады


https://www.tg-me.com/tiimdiqazaqstan
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛍 Бір жыл ішінде азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

@mardan_king жыл сайын бір супермаркеттен бірдей тауарларды сатып алып, бағаларын салыстырады. 2025 жылы азық-түлік құны 2024 жылмен салыстырғанда қалай өзгерді?

Біз видеода көрсетілген өнімдердің тізімі мен олардың бағасын жазып алдық:
1. "Фруктовый Сад" қаптамадағы шырыны (1 л) — былтыр 1029₸ болған, биыл 1315₸.
2. "Цесна" ұны — былтыр 803₸ болған, биыл 1067₸.
3. "Макфа" қарақұмығы — былтыр 765₸ болған, биыл 799₸.
4. Пияз — былтыр 74₸/кг болған, биыл 144₸/кг.
5. Күріш (1 кг) — былтыр 1155₸ болған, биыл 1199₸.
6. Тауық еті — былтыр 2589₸ болған, биыл 2693₸.
7. "Макфа" макароны — былтыр 447₸ болған, биыл 445₸.
8. Nivea дезодоранты — былтыр 1899₸ болған, биыл 1939₸.
9. Қияр — былтыр 995₸ болған, биыл 989₸.

Нәтижесінде, былтыр 33 249₸ болған себет биыл 40 272₸ тұрады. Бұл баға +21% қымбаттағанын көрсетеді.

Дереккөз| https://www.tg-me.com/tiimdiqazaqstan
2025/04/07 06:39:01
Back to Top
HTML Embed Code: