Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
"Жеке деректерге қол жеткізген": Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтар мессенджерлерде жалған немесе пайдаланушылардың бұзылған дербес аккаунттарын пайдаланатын схемалар туралы ескертедi.

Қаскөйлер мессенджерлерде Қазақстан Ұлттық банкі немесе өзге мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған аккаунтын пайдаланады. Ал профиль шынайы көрінуі үшін жалпыға қолжетімді дереккөздерде, оның ішінде ведомстволардың ресми ресурстарында орналастырылған суреттер мен эмблемаларды қолданады.

🔗 Толық мәтін сайтта: https://qaz365.kz/society/12681-zheke-derekterge-kol-zhetkizgen-ulttyk-bank-kazakstandyktarga-eskertu-zhasady/
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
ТРАМПТЫҢ САЛЫҚ ДҮРЕСІ: САЛДАРЫ НЕ БОЛМАҚ?

Ақ үй қожайыны Трамп "Американың азаттық күні" деп атаған 2-ші сәуірді жаһан жұрты алаң көңілмен қарсы алды. Трамп өзі "тепе-теңдік", "бір тұтас" сауда тарифі деп атаған кезекті экономикалық саясат әлемнің бірсыпыра мемлекетін қамтыды. Ақ үй аталған елдерге кедендік салықты еселеді. Доссың ба, қассың ба, диктаторсың ба, демократсың ба, алыссың ба, жақынсың ба, оған қарап жатқан Трекең жоқ.

АҚШ-тың ең үлкен сауда және әскери әріптесі - Еуроодақ елдері тауарларына 20 пайыз, Жапонияға 24 пайыз, Корейге 25 пайыз, Тайуанға 32 пайыз салық енгізді. Үндістанға 26 пайыз белгіледі.
Ковид вирусының таралуына байланысты әлем елдерінің қытайдағы өндіріс орындарын Шығыс, Оңтүстік Азия елдеріне көшіргені мәлім. Ол да Трамптың назарынан тыс қалмады. Вьетнам мен Камбоджада өндірілген тауарларға жеке-жеке 46, 49 пайыз тариф енгізді.

Трамп Ақ үйге келе сала: "Америкаға Мексика мен Канада арқылы кіретін фентанилнің қайнары Қытайда" деп, Қытай тауарларына ақпан мен наурызда жеке-жеке 10 пайыздық кедендік тариф белгілеген еді. Бұл жолы оны бірден 34 пайызға көтерді. Сонда Қытай тауарларына салынатын кедендік тариф қазірдік өзінде 54 пайызға жетті.

Трамп онымен ғана шектелмей, Қытайдың онлайн саудасына да ауыр соққы жасады. Атап айтқанда АҚШ-қа Қытайдың "Shein", "Temu" маркетплейстері арқылы келетін заттар 800 доллардан аспаса, салықтан босатылатын еді. Енді ол жеңілдікті де алып тастады. Енді әр жеткізілетін заттан 25 доллар төлем алынатын болды.

Трамптың салық дүресі тиген елдер қатарында Қазақстан да бар. Қазақстан тауарларына 27 пайыздық тариф енгізілді. Бұл - Орталық Азия елдері ішінде ең жоғарғы тариф. Мысалы, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстанға 10 пайыздан салық тарифтері салынған.

Ал пост-кеңестік елдер ішінде ең жоғарғы тариф - Молдоваға салыныпты (34 пайыз). Бір қызығы - Ресейге ешқандай тариф енгізілмеген.

Трамптың жаһандық сауда соғысына өзінің жақын әріптестері мен бәсекелестері қатаң мәлімдемелер жасап жатыр. Әлемдік қор биржаларында да тұрақсыздық, құлдырау орын алуда.
Трамп болса, өзі шешімінің дұрыстығына шүбә келтірмей отыр. Ол өткен 2024 жылы АҚШ-тың сауда дефиценті 918 мллиард долларға жеткенін алға тартып, мұның бәрі ұзақ жылдардан бері Американың сауда әріптестерінің Американы қанап, тонап, май шелпекке айналдырып, өндірісін тұқыртып келгенінің салдары деп санайды. Өзінің бірбеткей шешімінің Американың ұлттық өндірісін қайта жандандырып, өзге елдермен сауда баланысын реттеп, бюджет шығынын азайтатынына сенімді.
Трамптың Сауда министрі де Ақ үй белгілеген тарифке қарсы шығып, Америка мүддесіне нұқсан келтіретін қадам жасағандардың бұдан да ауыр жазаға, салдарға душар болатынын айтып, сес көрсетуде.

Ал Трамптың ата жауы - демократтар болса, Трамптың сауда соғысын "мағынасыз, негізсіз, ессіз әрекет" деп бағалады. Оның салдарынан елде зат бағасы қымбаттап, әр америкалық жылына 6 мың долларын жоғалтатынын алға тартты.
Трамптың жаһан елдеріне белгілеген жаңа сауда тарифтері сәуірдің 4-інен бастап 9-ына дейін күшіне енеді.

Трамп билікке келген екі жарым айда жаһанның әскери, саяси келбетін өзгертіп ғана қоймай, дүниежүзілік екінші соғыстан кейін орныққан ғаламдық еркін экономикалық жүйеге, сауда айналымына нүкте қойды.

Арнаға жазылып, қолдау білдіріңіздер: https://www.tg-me.com/usbanov
Қостанайда John Deere техникасының өндірісі іске қосылды

Қостанайдағы локализация орталығының базасында John Deere өздігінен жүретін, тіркемелі және аспалы ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі ресми түрде іске қосылды.

Жаңа өндірістің іске қосылуы – Қазақстандағы машина жасау саласының дамуындағы және аграрлық секторға озық технологияларды енгізудегі маңызды қадам. John Deere – ауыл шаруашылығы техникасын өндіруде әлемдік көшбасшы әрі оның Қазақстанда жергілікті өндіріске айналуы сала үшін стратегиялық маңызға ие.
Өндіріс AGROMASH зауытының локализация орталығының базасында жүзеге асады. Бұл кәсіпорын – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін ең ірі өндірістік алаңдардың бірі, ол жоғары өндірістік стандарттар мен техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Forwarded from Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
"ШҚО-ның туризм саласындағы кәсіпкерлері көлеңкеден шығуы тиіс" – облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов

Облыс әкімдігінде өткен кеңес барысында Шығыс Қазақстанда туризмді одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.

Бүгінгі таңда бұл негізгі бағыттардың бірі, статистика бойынша, жыл сайын аймаққа келетін туристер саны артып келеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірге 428 мыңға жуық қонақ келді, бұл көрсеткішті 650 мыңға жеткізу жоспарлануда.
Алайда, бұл үшін өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, барлық болжамды жобалар мен олар үшін қажетті инфрақұрылым кіретін саланы дамытудың кешенді жоспарын жасау қажет.

Атап айтқанда, бұл Риддердегі тау шаңғысы кластеріне қатысты, облыс әкімі тұжырымдама әзірлеуді тапсырды.
«Шөкеев жағажайы». 9 миллиард теңгеге салынған жағажайдың жағдайы елді шошытты

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында 9 миллиард теңгенің қалай «құмға сіңгені» туралы видео тарады.

Бұл Өмірзақ Шөкеев әкім болып тұрған кездегі жағдай. Бейнежазбада жағдайдың қаншалықты мүшкіл екені анық көрінеді – шынайы кадрлар бұл инвестицияның орынды жұмсалғанына және жүзеге асырылған нысандардың сапасына қатысты сұрақтар туындатады.

Қоғам белсендісі Дидар Смағұлов болса, мұны «Шөкеев жағажайы» деп атады. Өйткені бұл жобаға қаржы Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тұрған кезде бөлінген. Қоғам белсендісі қазіргі жағажайдың жағдайы көңіл көншітпейтінін жеткізді.

🔗 Толығырақ: https://qaz365.kz/society/12697-shokeev-zhagazhaiy-9-milliard-tengege-salyngan-zhagazhaidyn-zhagdaiy-eldi-shoshytty/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда 969 мың адам кедейшілікте өмір сүріп жатыр

2024 жылдың IV тоқсаны бойынша елімізде кедейлік азайғанымен, жағдай әлі де алаңдатарлық.

🔹 Күнкөріс минимумынан төмен табыспен – 167 мың отбасы
👥 Бұл — 969 мың адам
📉 Былтырмен салыстырғанда 4,3%-ға азайған

📍 Кедейлік кең таралған өңірлер:
• Түркістан облысы – 180 мың адам
• Алматы – 80,9 мың
• Шымкент – 68,9 мың
• Жамбыл облысы – 66,7 мың
• Маңғыстау облысы – 63,5 мың
• Ұлытау облысы – 13,3 мың

🔺 Кедейлер үлесі ең жоғары:
• Түркістан облысы – 8,4%
• Маңғыстау облысы – 7,9%
• Абай облысы – 7,6%

🔻 Ең төменгі көрсеткіштер:
• Астана – 2,1%
• Қарағанды облысы – 2,4%
• Атырау облысы – 3%

🥖 Азық-түлікке де ақшасы жетпейтіндер:
📌 4,2 мың отбасының табысы азық-түлік себетінің құнынан да төмен
👥 Мұндай отбасыларда 28,3 мың адам тұрады

📍 Ең көп тіркелген өңірлер:
• Шымкент – 1,5 мың отбасы (9,7 мың адам)
• ШҚО – 821
• Түркістан облысы – 765
• Алматы облысы – 609
• Жамбыл облысы – 473
• Ұлытау облысы – 54

Шымкент — 0,8% табысы азық-түлікке жетпейтін халық

👨‍👩‍👧‍👦 Ең көп зардап шегетіндер — көпбалалы отбасылар:
• 5 және одан көп мүшесі бар отбасыларда:
▫️ 825,8 мың адам — күнкөріс минимумынан төмен
▫️ 27,5 мың адам — азық-түлік себетінен де төмен табыспен

📊 Күнкөріс деңгейі мен тұтыну:
• Күнкөріс минимумы — 51,7 мың теңге
• Орташа тұтыну табысы — 104,6 мың теңге
📈 Арақатынас — 202,2%

🔝 Тұтынуы ең жоғары өңірлер:
• Қарағанды облысы – 272,4%
• Алматы – 268%
• Астана – 257,2%
• СҚО – 238,1%
• Павлодар облысы – 233,7%

🔻 Төмен көрсеткіштер:
• Маңғыстау облысы – 134,8%
• Түркістан облысы – 142,7%
• Шымкент – 150,7%
Теміртауда қарияны аяусыз соққыға жыққан балалар екі айға қамауға алынды

Теміртау қаласында зейнеткерге қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігінің 3) тармақшасына (тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ретінде танылған 9 адамның барлығы, оның ішінде 7 кәмелетке толмаған бала Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Теміртау қалалық соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Бұлтартпау шарасының ең қатаң түрінің таңдалуына қылмыстың ауырлығы негіз болды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтынын атап өту қажет.
2025/04/08 10:34:31
Back to Top
HTML Embed Code: