Telegram Web Link
"Қазақтелеком" су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың үйлеріне интернет өткізеді.

Интернетпен жаңа үйге. "Қазақтелеком" көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан жаңа үйлерді телекоммуникацияның барлық қызметіне қосуда. Мәселен, тек Ақтөбе облысында компания 150 үйге құрылыс кезеңінде GPON технологиясы бойынша Интернет өткізіп берді. Жаңа үйге көшкен тұрғындар жылдамдығы 500 Мбит/с жететін интернет пен цифрлық телевизия, IP-телефония, бейнебақылау секілді телекоммуникацияның барлық заманауи қызметтерін пайдалана алады.

"Біздің мақсатымыз – желіні сападан кем түспей тез және тиімді ету. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін әр үй интернетке қосылады. Оптикалық технологиялар қызмет көрсетуде айтарлықтай арзан, әрі тұрақты жұмыс істейді, жылдамдығы жоғары және ең заманауи цифрлық сервис пен қызметтерді қосуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ "Желі" дивизионы" Бірлестігінің Ақтөбе қаласы Қол жеткізу желісін пайдалану департаментінің директоры Нұржан Жұмабаев.

Биыл көктемде облыстың 6 ауданында және Ақтөбенің өзінде қатты су тасқыны салдарынан көптеген үй-жай бұзылған болатын. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, әрі зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйлер салынуда. Мысалы, Қобда ауданында бірден 150 үй бой көтерді. Олардың басым бөлігі Қобдада болса, Жарық ауылында 17 жаңа үйдің іргесі қаланды. Бүгінде учаскелерге барлық коммуникациялар жеткізілді, қажетті жабдықтар орнатылды.

Мұндай жұмыстар Ырғыз ауданы Нұра ауылында да жүргізілмек. Мұнда "оптика" салынып, базалық станция орнатылды, әкімдік, мектеп, дәрігерлік амбулатория секілді мемлекеттік мекемелер интернетке және байланысқа қосылды. Су тасқыны салдарынан елді мекен толығымен су астында қалған еді. Қазір мұнда және жақын маңдағы Сарыоба ауылында да мемлекеттік мекемелердің үйлері мен ғимараттары салынып жатыр. Сонымен қатар, "Қазақтелеком" мамандары "оптика" төсеп, тұрғындарды "радиокөпір" технологиясы бойынша Интернетпен қамтамасыз етуге ниетті.

Бұдан басқа, келесі жылы компания GPON желісімен да Ақтөбенің басқа аудандарын қамтуды жоспарлап отыр.
«Казахтелеком» подключает интернет пострадавшим во время паводков.

В новый дом сразу с интернетом. «Казахтелеком» продолжает подключать новые дома, построенные для пострадавших во время весенних паводков, ко всем услугам телекоммуникаций. Так, например, только в Актюбинской области компания подвела интернет по технологии GPON к 150 домам еще на этапе строительства. Жители сразу после новоселья смогут пользоваться высокоскоростным интернетом до 500 Мбит/с и всем спектром современных телеком-услуг: цифровое телевидение, IP-телефония, видеонаблюдение и т.д.

«Наша цель – стоить сеть быстро и эффективно, не уступая в качестве. Каждый дом будет подключен к интернету, чтобы жителям было комфортно. Оптические технологии существенно дешевле в обслуживании и надежнее в эксплуатации, гарантируют высокую скорость доступа и дают возможность подключать самые современные цифровые сервисы и услуги», - отметил директор Актюбинского ДЭСД Объединения «Дивизион «Сеть» АО «Казахтелеком» Нуржан Жумабаев.

Весной этого года в 6 районах области и в самом Актобе в результате сильного паводка были повреждены многие дома и инфраструктура. Сейчас продолжаются работы по устранению последствий и строятся новые дома для пострадавших. Например, в Кобдинском районе строят сразу 150 домов. Большая часть из них будет в Кобде и 17 домов – в селе Жарык. На сегодня к участкам уже подведены все коммуникации, установлено необходимое оборудование.

Аналогичные работы планируется провести и в селе Нура Иргизского района. Здесь уже проложена «оптика», установлена базовая станция и к интернету и связи подключены госорганы – акимат, школа, врачебная амбулатория. В результате паводка, населенный пункт был полностью затоплен. Сейчас здесь и в близлежащем новом селе Сарыоба также строят дома и здания госучреждений. Параллельно специалисты «Казахтелекома» прокладывают «оптику» и намерены обеспечить жителей интернетом по технологии «радиомост».

Кроме того, в следующем году компания планирует охватить сетью GPON и другие районы Актобе.
eSIM - цифрлық SIM карта, оның көмегімен сіз қоңырау шалып, хабарлама жіберіп, интернетті пайдалана аласыз. Бұл өндіріс кезінде-ақ құрылғыға салынған шағын микросхема. Ол әдеттегі пластикалық SIM карта сияқты жұмыс істейді. Бірақ оны бұзу не жоғалтып алу мүмкін емес.

Sim-ді қалай қосуға болады?
🔹 Құрылғыңыз eSIM функциясын қолдайтынын тексеріңіз
🔹 Кеңес алу үшін өтінімді telecom.kz порталдағы «жаңа қызметтер» бетбелгісінің «eSim» бөлімінде қалдырыңыз
🔹 Оператор өтінімді растау үшін сізбен байланысады
🔹 Біржолғы төлем келесі айдың соңында дербес шотқа есептеледі
Смартфоныңызда eSIM функциясын іске қосыңыз

ALTEL абоненттері сервисті USSD және QR код арқылы қоса алады. Ол үшін telecom.kz порталындағы "жаңа қызметтер" бетбелгісінің "eSim" бөліміне өтіп, нұсқаулықты орындаңыз.

еSim қосып, жаңа кеңістіктерді бағындыр! 😉

▪️▪️▪️

eSIM представляет собой цифровую SIM-карту. С её помощью вы можете совершать звонки, отправлять сообщения и пользоваться интернетом. Это маленькая микросхема, встроенная в устройство на этапе производства. Она функционирует так же, как и обычная пластиковая SIM-карта, но при этом её невозможно сломать или потерять.

Как подключить eSIM?
🔹 Проверьте, что ваше устройство поддерживает функцию eSIM
🔹 Оставьте заявку на консультацию в разделе "eSim" во вкладке "Новые услуги" на портале telecom.kz
🔹 Оператор свяжется с вами для подтверждения заявки
🔹 Единоразовая оплата будет начислена на лицевой счет в конце следующего месяца
Активируйте функцию eSIM на своем смартфоне

Абоненты ALTEL могут подключить сервис онлайн через USSD и QR-код. Для этого перейдите в раздел «eSim» во вкладке «Новые услуги» на портале telecom.kz и следуйте инструкциям.

Подключите eSIM и откройте для себя новую реальность 😉
Телеком-оператор еліміздің шалғай өңірлерінде білім беру мекемелерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету стратегиясы аясында бас-аяғы екі айдың ішінде ауыл мектептеріне "оптика" өткізді.

"Қазақтелеком" 500 шақырымнан астам талшықты-оптикалық кабель төсеп, өзінің оптикалық магистраліне 900-ден астам ауыл мектебін қосуды жоспарлап отыр.

"Павлодар облысындағы жұмыстар аяқталды, мұнда 50-ден астам мектеп жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. Білім беру мекемелерін желіге қосуға қанша уақыт кететіні мектептердің магистральдық желіден қаншалықты алыс орналасқандығына байланысты. Мысалы, желіден екі шақырым жерде орналасқан мектепке интернет өткізу көп уақытты талап ететінін атап өткен жөн", - деді "Қазақтелеком" АҚ "Желі" дивизионы" бірлестігінің қолжетімділік желісі директоры Ғазинұр Райымханов.

Қосылуға дайын 200 оқу орнының ішінде 15 мектеп білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған "жайлы мектеп" жобасының құрамына кіреді. Бағдарлама шеңберінде 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы сиятын 369 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда, оның 217-сі биыл салынып бітуі тиіс.

Ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету "Қазақтелеком" компаниясының даму басымдықтарының бірі болып табылады. Жаңа оқу жылының басында 200-ден астам мектеп техникалық тұрғыда оптикалық магистральға қосылуға дайын. Жыл соңына дейін телеком-оператор еліміздің барлық өңірінде осындай жұмыстарды аяқтап, тағы 700-ден астам ауылдық мектепті желіге қосуды көздеп отыр.
Телеком-оператор построил «оптику» до сельских школ в рекордные два месяца в рамках стратегии по обеспечению высокоскоростным интернетом образовательных учреждений в отдаленных регионах страны.

Всего «Казахтелеком» планирует прокладку более 500 км оптоволоконного кабеля и суммарно подключить к своей оптической магистрали свыше 900 сельских школ.

«Работы завершены уже в Павлодарской области, где доступ к высокоскоростному интернету получили более 50 школ. Важно отметить, что на оперативность подключения образовательных учреждений влияет отдаленность школ от магистральных сетей компании, и в регионах, где школа располагается более, чем за 2 км., для обеспечения доступа требуется значительно больше времени», - сообщил директор по сети доступа Объединения «Дивизион «Сеть» АО «Казахтелеком» Газинур Раимханов.

Среди 200 учебных заведений, уже готовых к подключению, 15 школ участвуют в проекте «Комфортная школа», который направлен на улучшение образовательной инфраструктуры. В рамках программы в 2024-2025 годах планируется ввод в эксплуатацию 369 школ на 740 тысяч ученических мест, из которых 217 будут построены уже в этом году.

Обеспечение сельских школ высокоскоростным доступом в интернет является одним из приоритетов развития компании «Казахтелеком». К началу нового учебного года уже более 200 школ технически готовы к подключению к оптической магистрали. До конца года телеком-оператор планирует завершить аналогичные работы во всех регионах страны и подключить еще свыше 700 сельских школ.
📖 Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Ата заң бірлігімізді, әділетті қоғам құруға деген ұмтылысымызды, тұлға ретінде әр адамның құқығын құрметтеуді тұғырлап, мемлекетіміздің негізгі бағытын, құрылымын айқындап берген кәсіби құжат.

Конституция - еліміздің тұрақтылығы, өркендеуі мен дамуының негізі. Ал ұлтаралық келісім тұтастық, бейбіт өмір кепілі, мемлекеттіміздің әлеуметтік-экономикалық жетістігінің қайнар көзі.

Осы ретте "Қазақтелеком" отандастарымызға мамыражай қоғамда өмір сүріп, асқақ армандары мен биік мақсаттарының сәтті іске асуына шын жүректен тілектестік білдіреді!

Мереке құтты болсын! 💙

▪️▪️▪️

📖 Поздравляем с Днем Конституции Республики Казахстан! Этот день символизирует наше единство, стремление к справедливости и уважение к правам каждого гражданина. Основной закон страны является фундаментом, на котором строится наше государство, определяет права и обязанности всех нас.

Конституция — это основа стабильности, процветания и развития нашего общества. Благодаря ей мы живем в мире и согласии, стремимся к новым высотам.

🇰🇿 «Казахтелеком» желает всем казахстанцам мира, добра, благополучия в семье! Пусть каждый день нашей жизни будет наполнен гордостью за страну, и пусть Конституция Казахстана всегда будет гарантом мира и процветания для всех граждан.

С праздником! 💙
🍁 Достар, сіздерді Білім күні - жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

🎒 Мамыражай жаздың шаттыққа толы күндерін артқа тастап, қыргүйекпен қоса келетін алғашқы қоңырау жаңа оқу жылының басталғанын білдіреді.
Білім шаңырағы әр оқушының қарымын ашып, қабілетін ұштайды. Жаңа оқу жылы жаңа мүмкіндіктер, жаңа дос, ізденіс, табандылық пен ерік-жігерді ұштайтын тағы бір кезең.
Ал ұстаздар қауымы кезекті оқу жылын тың серпінмен қайта бастауға, жаңалығымен бөліуге, сені алға жетелеуге, сенің жетістігіңе бірге қуануға әбден даяр 📚

Олай болса, білім күні құтты болсын!
Бұл жыл өткен жылдан да ерекше, сырлы, сынды, толағай табысқа толы болсын!

▪️▪️▪️

🍁 Друзья, поздравляем вас с Днём знаний — началом нового учебного года!

🎒 Для школьников это время новых возможностей, встреч с одноклассниками и учителями, которые помогут раскрыть потенциал и вдохновят на новые свершения. Для педагогов — это момент гордости за своих учеников и радость от того, что они снова могут делиться своими знаниями. Родителям этот день напоминает о важности поддержки в образовании и воспитании детей 📚

С Днём знаний, друзья! Пусть этот учебный год станет для всех ярким, плодотворным и успешным.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💙 TV+ қосып, қолайсыз жағдайлардан құтыл. Жаныңызға жайлы контентті таңдап, кешіңізді сүйікті адамыңызбен өткізіңіз!

TV+ Kazahktelecom-ға жазылып, ыңғайлы уақытта кез келген құрылғыда 9 онлайн кинотеатр мен 170 аса телеарнаны тамашалаңыз!
📲 TV+ қосымшасын https://onelink.to/gvdx77 жүктеп алыңыз
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💙 Неловкость улетучится, когда включишь TV+. Откройте для себя мир развлекательного контента, который скрасит вечер с любимым человеком!

Оформите подписку на TV+ Kazahktelecom и смотрите 9 онлайн-кинотеатров и свыше 170 телеканалов на любом устройстве в удобное время!
📲 Приложение TV+ доступно для скачивания: https://onelink.to/gvdx77
"Самұрық-Қазына" қорының "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Павлодарда өткен сенбілікке "Қазақтелекомның" ондаған қызметкерлері қатысты. Телеком-оператордың байланысшылары қарттар үйінің аумағын, сондай-ақ қоғамдық орындарды тазартып, бау-бақша мен саябақтарды ретке келтіруге көмектесті.

Сонымен қатар, "Қазақтелеком" қызметкерлері қаланы көгалдандырып, шырша отырғызуға қатысты. Байланысшылардың айтуынша, қаланы абаттандыру жұмыстары күнделікті күйбең тірлікті бір күнге болсын ұмыттырып қана қоймай, Павлодар келбетін дамытып, көріктендіруге өз қолдарымен үлес қосуға мүмкіндік берді. Бұл көк кеңістіктердің тұрғындарды қуантып, емін еркін демалатын жайлы орын болатынына компания қызметкерлері сенімді.

Іс-шараға қатысу корпоративтік құндылықтарды нығайтып, сенбілікке қатысушыларға қоршаған ортағны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін жете түсінуге көмектесті. Байланысшылар қарттар үйіндегі қариялармен әңгімелесіп, ұмытылмас сәттер өткізді.

"Әсіресе мұқтаж адамдарға қуаныш сыйлап, барынша көңіл бөлудің қаншалықты маңызды екенін көрдік. Бұл бастама ұжымдық рухымызды нығайтып, бойға тың күш-қуат берді", - деп атап өтті "Қазақтелеком" қызметкерлері.

Біз # ТазаҚазақстан үшін!

▪️▪️▪️

Десятки работников «Казахтелекома» приняли участие в субботнике, который прошел в Павлодаре в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» от фонда «Самрук-Казына». Связисты телеком-оператора помогли убрать территорию Дома престарелых, а также общественные места, привести в порядок сады и парки.

Кроме того, сотрудники «Казахтелекома» приняли участие в озеленении города и высадке елей и как говорят сами телекомовцы, работа по благоустройству городской среды позволило не только отвлечься от трудовых будней, но и стало хорошей возможностью внести свой вклад в развитие и улучшение облика Павлодара. Эти зеленые насаждения будут радовать жителей и создавать комфортную атмосферу для отдыха на долгие годы вперед, уверены сотрудники компании.

Участие в этих мероприятиях укрепили корпоративные ценности, помогли каждому из участников субботника лучше понять, как важна забота о других и окружающей среде, особые эмоции связисты получили от общения с пожилыми людьми Дома престарелых

«Мы увидели, как важно приносить радость и внимание тем, кто в этом особенно нуждается. Эта инициатива помогла нам укрепить командный дух и понимание, что даже небольшие усилия могут значительно изменить чью-то жизнь», — отметили работники «Казахтелекома».

Мы за #ТазаҚазақстан!
2024/09/22 09:28:37
Back to Top
HTML Embed Code: