Telegram Web Link
«Қазақтелекомның» 84 қызметкері компания атынан «Самұрық-Қазына» спартакиадасына қатысады

Астанада «Самұрық-Қазына» спартакиадасына қатысу үшін «Қазақтелеком» қызметкерлері арасында іріктеу жарысы аяқталды. Іріктеуге қатысқан 315 байланысшының 84-і жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша суперфиналға өтті. Олар компанияның атынан 11 спорт түрінен сайысқа түспек.

Биыл тоғызыншы рет өтетін «Самұрық-Қазына» спартакиадасы Қордың 16 компаниясының намысын қорғайтын 800 қатысушының басын қоспақ. Жарысқа үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, армрестлинг және жүзу сияқты жеке спорт түрлері, сондай-ақ футзал, волейбол, баскетбол, арқан тарту, асық ату және киберспорт сияқты командалық спорт түрлері кіреді.

«Компания жетістігі әрқайсымыз қосқан үлеске байланысты. Сіздің жетістікке деген ұмтылысыңыз бен кәсібилігіңіз жаңа биіктерге жетуге көмектеседі. Спорттық жарыстар осы қасиеттерді жаңа қырынан көрсетіп, топтық рухты нығайтуға және тың күш-қуат беруге мүмкіндік ашады. Бұл жарыста біз тек жеңіс үшін ғана емес, бір-бірімізді жақсы түсіну үшін тер төгеміз. Әріптестерге сәтті өнер көрсетіп, жаңа жеңістерге жетуді тілеймін. Спорттық жетістіктер бізді жұмыста да, өмірде де жаңа биіктерге жетелей берсін», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Бас әкімшілік директоры Ержан Мейрамов.

Компания басшылығы спортшыларға алдағы суперфиналда сәттілік тілеген соң, байланыс ардагерлеріне естелік сыйлықтар мен кәдесыйларын табыстады.

Былтыр «Қазақтелеком» құрамасы футбол, армрестлинг, жүзу, баскетбол, волейбол және арқан тартыс бойынша жүлделі орындарға ие болып, үздік нәтижелер көрсеткен еді. Биыл қызметкерлер мен жанкүйерлер компанияға бұдан да көп медаль мен марапат бұйырады деп үміттенеді.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» спартакиадасының суперфиналы 4-6 қазан аралығында Назарбаев Университетінің спорт кешенінде өтеді.
84 сотрудника «Казахтелекома» будут представлять компанию на спартакиаде «Самрук-Қазына»

В столице Казахстана завершились отборочные соревнования среди сотрудников «Казахтелекома» для участия в спартакиаде «Самрук-Қазына». Из 315 связистов, принимавших участие в отборе, 84 прошли в суперфинал по итогам двух дней состязаний. Они будут представлять компанию в 11 видах спорта.

Спартакиада «Самрук-Қазына», которая в этом году пройдет в девятый раз, объединяет 16 команд от компаний фонда, всего около 800 участников. Соревнования включают как индивидуальные виды спорта, такие как настольный теннис, шахматы, тоғызқумалак, армрестлинг и плавание, так и командные: футзал, волейбол, баскетбол, перетягивание каната, асык ату и киберспорт.

«Успех нашей компании зависит от вклада каждого из нас. Ваше стремление к достижениям и профессионализм помогают достигать новых вершин. Спортивные соревнования дают возможность проявить эти качества в новом формате, укрепить командный дух и зарядиться позитивной энергией. В этом состязании мы не просто боремся за медали, но и за лучшее понимание друг друга. Желаю вам успешных выступлений, новых побед и удовольствия от участия. Пусть спортивные достижения вдохновят нас на новые успехи и в работе, и в жизни», — отметил главный административный директор АО «Казахтелеком» Ержан Мейрамов.

Помимо напутствия и пожелания удачи в предстоящем суперфинале, руководство компании, пользуясь случаем наградило ветеранов связи памятными подарками и сувенирами.

В прошлом году сборная «Казахтелекома» продемонстрировала отличные результаты, заняв призовые места в футболе, армрестлинге, плавании, баскетболе, волейболе и перетягивании каната. В этом году сотрудники и болельщики надеются на не менее успешное выступление, которое принесет компании новые медали и награды.

Отметим, что суперфинал спартакиады «Самрук-Қазына» пройдет с 4 по 6 октября в спортивном комплексе Назарбаев Университета.
📢 VoLTE (Voice over LTE) - дауыстық сигналды деректер ағынына түрлендіріп, оны 4G (LTE) желісі арқылы жіберетін озық байланыс технологиясы.
VoLTE туралы қызықты дәйектерді карталардан оқып біліңіз. Карусельді парақтаңыз 👉

▪️▪️▪️

📢 VoLTE (Voice over LTE) — передовая технология связи, которая преобразует голосовой сигнал в поток данных и передает его по сети 4G (LTE).
Узнайте больше интересных фактов о VoLTE в наших карточках. Листайте карусель 👉
Ismet Docs-қа қыркүйектің 30-на дейін тегін кіру! 🎉

"Қазақтелекомның" 30 жылдығына орай біз бизнес-клиенттерімізге Ismet Docs-ты тегін сынап көру мүмкіндігін ұсынуға қуаныштымыз! 🚀

📄Неліктен Ismet Docs-ты таңдау қажет?

🔐 Құпиялылық: Тек сіз ғана құжаттарыңызға қол жеткізе аласыз.
🏢 Қауіпсіз сақтау: Сіздің құжаттарыңыз Tier III деңгейіндегі қорғалған деректер орталығында сақталады.
🛡️ Қорғау: Құжаттар табиғи және техногендік апаттардан қорғалады.
📂 Сенімді сақтау: Маңызды келісімшарттар мен мәмілелер әрқашан қауіпсіздікте болады.
🌐 24/7 бойы қолжетімділік: Тәуліктің кез келген уақытында әлемнің кез келген жерінен құжаттарға қол жеткізіңіз.

👌🏻 Бәрі оп-оңай! docs.ismet.kz кіріп тіркеліңіз және Ismet Docs-пен жұмыс істей бастаңыз

📅 Акция 30 қыркүйекке дейін жарамды. Электрондық құжат айналымына өтіп, қағазбастылықтан арылыңыз!

▪️▪️▪️

🎉 Бесплатный доступ к Ismet Docs до 30 сентября! 🎉

В честь 30-летия «Казахтелеком» мы рады предложить нашим бизнес-клиентам уникальную возможность попробовать Ismet Docs абсолютно бесплатно! 🚀

📄 Почему стоит выбрать Ismet Docs?

🔐 Конфиденциальность: Только Вы имеете доступ к своим документам.
🏢 Безопасное хранение: Ваши документы хранятся в защищенном Data Center уровня Tier III.
🛡️ Защита: Документы защищены от природных и техногенных катастроф.
📂 Надежное хранение: Важные договоры и контракты всегда в безопасности.
🌐 Доступ 24/7: Получите доступ к документам из любой точки мира в любое время суток.

👌🏻Все просто! Переходите на docs.ismet.kz, регистрируйтесь и начните работать с Ismet Docs

📅 Акция действует до 30 сентября. Переходите на электронный документооборот и забудьте о бумажной волоките!
«Қазақтелеком» командасы Астанада өткен «Qyzmet Cup» турнирінде алтын алды

Астанада шілде мен тамыз аралығында мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар мен компаниялар арасында «Qyzmet Cup» футбол турнирі өтті. «Бірлік» лигасында өнер көрсететін «Қазақтелеком» командасы турнир жолынан сенімді өтіп, оны бірінші орында аяқтады.

Турнирге үш лигаға бөлінген 24 команда қатысты. «Қазақтелеком» 7 матч өткізіп, өз тобында жеңімпаз атанды. Командалық жеңістен басқа, компания қызметкерлері жеке марапаттарға ие болды: Айбек Сламбеков үздік қорғаушы, ал Валерий Бисмағайбетов турнирдің үздік шабуылшысы атанды.

«Жыл сайынғы «QYZMET CUP» турнирі әрқашан биік деңгейде өтеді. Әр команда жоғары дайындықпен келген екен, осал қарсылас болмады – әрбір матчқа бар күшімізді салуымызға тура келді. Осындай мықты құрамның ішінде ерекшеленіп, үздік ойыншы атағын алғаныма өте қуаныштымын. Спорт және футболды қолдау – «Қазақтелекомдағы» корпоративтік мәдениетіміздің маңызды бөлігі. Біз жай ғана әріптестер емеспіз, жұмыста да, алаңда да нағыз командамыз. Бізді үнемі жаңа биіктерге жетелеп жүретін басшылыққа алғысымды білдіремін», - деп атап өтті турнирдің үздік шабуылшысы Валерий Бисмағамбетов.

Турнирді Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырды, ал ойыншыларға марапатты федерация басшысы Әділет Барменқұлов өз қолынан табыс етті. Бірінші орынды иеленген «Қазақтелеком» қыркүйек айында өтетін «QAZAQSTAN QYZMET CUP» Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Онда ұжым бұдан да мықты топтармен бәсекеге түсіп, қызыққа толы матчтар өткізетіні сөзсіз.

«Мен жігіттерді мақтан тұтамын. Жұмыста ғана емес, футбол алаңында да жетістікке жете алатынымызды көрсеттік. Уақыт тапшылығына қарамастан, жұмыс күндері, жұмыстан кейін тынбай жаттыға бердік. Барлық ойыншылар бір жұдырықтай жұмылып, жеңіске деген ұмтылысты көрсете отырып, аянып қалмады. Ендігі мақсатымыз – республикалық деңгейде лайықты өнер көрсету. Басшылыққа үздіксіз қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз және ұжым мен компанияға тағы бір жеңіс әкелу үшін бар күшімізді саламыз», – деп атап өтті «Қазақтелеком» командасының капитаны Нұрболат Тоқсанбаев.

«Қазақтелеком» футбол командасы бес жыл бұрын құрылған сәттен бастап турнирдің тұрақты қатысушысы болып табылады, үнемі жоңғары деңгейде ойын көрсетіп келеді. Осы кезеңде команда үш рет қалалық кезең чемпионы атанды және бір рет республикалық деңгейде екінші орынға ие болды.
Команда «Казахтелеком» завоевала золото на турнире «Qyzmet Cup» в Астане

С июля по август в Астане проходил футбольный турнир «Qyzmet Cup» среди государственных и квазигосударственных организаций и компаний. Команда «Казахтелеком», выступающая в лиге «Бирлик», уверенно прошла турнирный путь, завершив его на первом месте.

В турнире приняли участие 24 команды, которые были разделены на три лиги. «Казахтелеком» провел 7 матчей и вышел победителем в своей группе. Помимо командного триумфа, сотрудники компании также удостоились индивидуальных наград: Айбек Сламбеков был признан лучшим защитником, а Валерий Бисмагаибетов – лучшим нападающим турнира.

«Ежегодный турнир «QYZMET CUP» всегда проходит на высоком уровне. Каждая команда была подготовлена, и не было лёгких соперников – каждый матч требовал максимальной отдачи. Я очень рад, что смог выделиться среди такого сильного состава и получить звание лучшего игрока. Спорт и поддержка футбола – важная часть нашей корпоративной культуры в «Казахтелеком». Мы не просто коллеги, мы настоящая команда как на работе, так и на поле. Хочу поблагодарить руководство за поддержку, которая мотивирует нас достигать новых высот», – отметил лучший нападающий турнира Валерий Бисмагамбетов.

Турнир был организован Федерацией футбола Казахстана, а награждение провел лично президент Адилет Барменкулов. Заняв первое место, «Казахтелеком» получил путевку на Чемпионат Казахстана – «QAZAQSTAN QYZMET CUP», который состоится в сентябре. Там коллектив столкнется с более серьезными соперниками, что обещает новые захватывающие матчи.

«Я горжусь нашими ребятами. Мы показали, что можем не только на работе добиваться успехов, но и на футбольном поле. Несмотря на плотный график, тренировки и игры проводились в будние дни, после работы. Все игроки выкладывались на максимум, демонстрируя настоящую командную сплоченность и стремление к победе. Теперь наша цель – достойно выступить на республиканском уровне. Благодарим руководство за постоянную поддержку и будем делать всё возможное, чтобы принести ещё одну победу нашему коллективу и компании», – отметил капитан команды «Казахтелеком» Нурболат Токсанбаев.

Футбольная команда «Казахтелекома» является постоянным участником турнира с момента его основания пять лет назад, регулярно демонстрируя высокий уровень игры. За этот период команда трижды становилась чемпионом городского этапа и один раз заняла второе место на республиканском уровне.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💪 telecom kz қосымшасының барлық мүмкіндіктерін пайдаланыңыз!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💪 Воспользуйтесь всеми возможностями приложения telecom kz!
📝 Осы үлгіде ескерту жазбасын қалдырасыз ба? Енді telecom kz қосымшасындағы "Автотөлем" сервисі арқылы ескерту жазбасын жасауды ұмытыңыз. Телекоммуникация қызметтеріне автоматты түрде ақы төлеу күнін белгілеңіз.

1️⃣ telecom kz қосымшасында "Төлеу" батырмасын басыңыз
2️⃣ "Автотөлем жасау" бөлімін таңдаңыз
3️⃣ Әрі қарай автотөлем шарттарын баптаңыз
4️⃣ Банк картасын байланыстырыңыз
Автотөлем орнатылды

▪️▪️▪️

📝 Наверняка вы делали такую заметку. Теперь с сервисом «Автоплатеж» в приложении telecom kz можно обойтись без лишних напоминаний. Настройте дату для автоматической оплату услуг телекоммуникаций.

1️⃣ В приложении telecom kz нажмите кнопку «Оплатить»
2️⃣ Выберите «Создать автоплатёж»
3️⃣ Далее настройте условия автоплатежа
4️⃣ Привяжите банковскую карту
Автоплатёж настроен
2024/09/21 23:12:01
Back to Top
HTML Embed Code: