This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астана әуежайы әуеайлақтағы жөндеу жұмыстарының технологиялық процесін оңтайландыруда. 14 маусымнан бастап әуежай жұмысының регламенті күнделікті технологиялық үзіліспен (23:00-ден 00:30-ға дейін) ұзартылады.

***

Аэропортом Астаны в пиковый летний период оптимизирован процесс по ремонту на аэродроме.
С 14 июня продлевается регламент работы аэропорта с ежедневным технологическим перерывом (23:00 до 00:30).
Барлық халықаралық рейстердің Алматы әуежайының жаңа терминалынан ұшуға толық көшуі жүзеге асырылды
 
2024 жылғы 13 маусым сағат 23.13-тен бастап Алматы әуежайына барлық халықаралық рейстердің ұшуы жаңа терминалда (Т2) жүзеге асырылады. 14.06.2024 ж. сағат 01.00-ден бастап барлық халықаралық рейстердің Алматы әуежайының жаңа терминалынан ұшуға толық көшуі жүзеге асырылды.
2024 жылдың 1 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жаңа терминалдан барлығы 310 халықаралық рейстер орындалды және 43 814 жолаушыларға қызмет көрсетілді.
Бүгінгі таңда жаңа терминал 33 әуе компанияға қызмет көрсетеді. Оның ішінде үш қазақстандық тасымалдаушы – Air Astana, Scat, FlyArystan әуе компаниялары және Uzbekistan Airways, Azerbaijan Airlines, Pegasus Airlines, Somon Air, Wizz Air, Vietjet, Red Wings, IndiGo, Loong Air, Rossiya, Jazeera Airways, Salam Air, Air Arabia, Red Sea Airlines,  Air Cairo, Hunnu Air, Azimuth Aero, Yakutia Airlines, Qeshm Air, Air Asia, S7 airlines, FlyNas, Neos Airlines, China Southern Airlines, Qatar Airways, Lufthansa, Flydubai, Turkish Airlines, Asiana Airlines, Aeroflot сияқты 30 Халықаралық әуе компаниялар.
Бұрынғы терминалда (Т1) барлық ішкі бағыттар бойынша Air Astana, Scat, FlyArystan, Qazaq air және Южное небо әуе компанияларының рейстері жүзеге асырылады.
Алматы әуежайының жолаушылары мен қонақтарының жайлылығы мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін Т1 терминалын қайта жаңарту және тұрақ аймағын ұлғайту мақсатында жөндеу-құрылыс жұмыстары басталды.
Осуществлён полный переход всех международных рейсов на новый терминал аэропорта Алматы
 
С 23.13 часов 13 июня 2024 года прилёт всех международных рейсов в аэропорт Алматы осуществляется в новый терминал (Т2). С 01.00 часов 14.06.2024 г. был осуществлён полный переход всех международных рейсов на вылет с нового терминала аэропорта Алматы.
С 1 июня 2024 года по настоящее время в общей сложности было выполнено 310 международных рейсов с нового терминала и обслужено 43 814 пассажиров.
На сегодняшний день новый терминал обслуживает 33 авиакомпании. Из них три казахстанских перевозчика -  авиакомпании  Air Astana, Scat, FlyArystan  и 30 международных авиакомпаний,  таких как Uzbekistan Airways, Azerbaijan Airlines, Pegasus Airlines, Somon Air, Wizz Air, Vietjet, Red Wings, IndiGo, Loong Air, Rossiya, Jazeera Airways, Salam Air, Air Arabia, Red Sea Airlines, Air Cairo, Hunnu Air, Azimuth Aero, Yakutia Airlines, Qeshm Air,  Air Asia, S7 airlines, FlyNas, Neos Airlines, China Southern Airlines, Qatar Airways, Lufthansa, Flydubai, Turkish Airlines, Asiana Airlines, Aeroflot.
 
В старом терминале (Т1) будут осуществляться рейсы авиакомпаний Air Astana, Scat, FlyArystan, Qazaq air и Южное небо по всем внутренним направлениям.
Для обеспечения комфорта и удобства пассажиров и гостей аэропорта Алматы уже начаты работы по реконструкции терминала Т1 и ремонтно-строительные работы в целях увеличения парковочной зоны.
⚜️Көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Көлік саласына жауапты министр ең әуелі «Сарыарқа» әуежайына барды.

Аталған нысан еліміздегі ең ірі әуежайлардың бірі. Өз кезегінде ведомство басшысы әуе айлағы қызметінің барысымен танысты.

Нысан 1980 жылы бой көтерген. Жасанды ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту жұмыстары келесі жылдың басына жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, жолаушылар терминалы ғимаратының жалпы ауданы 30 866,6 шаршы метр. Жыл басынан жолаушылар ағыны шамамен 83 мың адамды құрады.

2023-2024 жж. аралығында 495 жүк және 2500 жолаушылар рейсі орындалды. Келесі жылы ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және перрондық техниканы жаңарту көзделуде. Сондай-ақ жанармай құю кешенінің құрылысы қарастырылған.

🔷🔷🔷🔷🔷🔷🔷🔷🔷🔷

⚜️ Министр транспорта Марат Карабаев с рабочей поездкой прибыл в Карагандинскую область. Первым объектом посещения стал аэропорт «Сары-Арка».

Аэропорт является одним из крупнейших аэропортов Казахстана. В свою очередь, глава ведомства ознакомился с ходом деятельности воздушной гавани. Объект построен в 1980 году. Реконструкция искусственных взлетно-посадочных полос планируется в начале следующего года.

Общая площадь здания пассажирского терминала составляет 30 866,6 м2. С начала года пассажиропоток составил порядка 83 тыс. человек.

В период 2023-2024 гг. выполнено 495 грузовых и 2500 пассажирских рейсов. В следующем году планируется реконструкция ВПП и обновление перронной техники. Также предусмотрено строительство топливо-заправочного комплекса.
Қазақстан мен Оңтүстік Корея астаналары қайтадан тікелей әуе қатынасымен байланысты
 
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі тұрақты негізде рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Жақында Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында екі елдің мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында екі елдің астаналары – Астана мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасын қайта бастаудың маңыздылығын атап өтті.
15 маусым күні Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу рәсімі өтті. Ресми іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Арыстанов, сондай-ақ Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісінің кеңесшісі Син Кюхо қатысты.  
Биылғы ақпан-наурыз айларында екі елдің авиациялық билігінің келіссөздерінің нәтижесі бойынша Астана – Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді. Осы келіссөздер барысында екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.
Астана-Сеул бағыты бойынша ұшуларды "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) "Эйрбас-А321" үлгісіндегі әуе кемелерінде орындайтын болады.
Әуе маршрутты іске қосу Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Столицы Казахстана и Южной Кореи снова связаны прямым авиасообщением
 
 
Министерством транспорта РК на постоянной основе продолжается работа по дальнейшему увеличению количества рейсов и расширению географии полетов из Казахстана.
В ходе недавнего официального визита Президента Республики Корея Юн Сок Ёль в Республику Казахстан, главами государств обеих стран была отмечена важность возобновления прямого авиасообщения между столицами двух стран – Астаной и Сеулом, в целях укрепления двустороннего сотрудничества.
15 июня состоялась официальная церемония открытия прямого авиасообщения между Казахстаном и Южной Кореей. На мероприятии по данному случаю присутствовали Вице-министр транспорта РК Талгат Ластаев, Председатель Комитета гражданской авиации Салтанат Томпиева, Чрезвычайный и Полномочный Посол РК в Республике Корея Нургали Арыстанов, а также советник Посла Республики Корея в РК Син Кюхо.
Авиасообщение по маршруту Астана - Сеул было возобновлено по итогам переговоров между авиационными властями двух стран в феврале и марте 2024 года. В ходе данных переговоров была достигнута договоренность по расширению правовой базы в целях увеличения количестварейсов между двумя странами.
Полеты по направлению Астана – Сеул будут выполняться авиакомпанией «Эйр Астана» с частотой 2 раза в неделю (по средам и субботам) на воздушных судах типа «Эйрбас-А321».
Запуск авиамаршрута будет способствовать дальнейшему развитию торгово-экономического, делового, и туристического сотрудничества между Республикой Казахстан и Республикой Корея.
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Дархан Қатышев Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қатышев Дархан Маратұлы 1983 жылы Ақмола облысы, Ерейментау қаласында дүниеге келген. 2020 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация академиясын «Авиациялық инженер-технолог» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.
Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Ішкі істер органдарында бастаған. 2008-2009 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментінде сарапшы, бас сарапшы, 2009-2019 жж. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы, 2019-2023 жылдары «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің директоры қызметін атқарды.
Назначен заместитель председателя Комитета гражданской авиации МТ РК

Приказом руководителя аппарата Министерства транспорта РК на должность заместителя председателя Комитета гражданской авиации назначен Дархан Катышев. Катышев Дархан Маратович родился в 1983 году в г.Ерейментау, Акмолинской области. В 2020 году окончил Академию гражданской авиации РК по специальности «Авиационная техника и технологий», в 2004 году Костанайский юридический институт МВД РК по специальности «Юриспруденция». Является выпускником Академии государственного управления при Президенте РК.
Трудовую деятельность начал 2004 году в органах внутренних дел РК. В 2008-2009 годах работал экспертом, главным экспертом в Юридическом департаменте Министерства транспорта и коммуникации РК, 2009-2019 гг. руководителем Управления по авиационной безопасности Комитета гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития РК, 2019-2023 гг. директор Департамента авиационной безопасности АО «Авиационная администрация Казахстана».
С августа 2023 года по настоящее время занимал должность директора Департамента по расследованию происшествий и инцидентов на транспорте Министерства транспорта РК.
Орталық Азиядағы TIACA-ның алғашқы іс-шарасы Астана қаласында өтіп жатыр

Бүгін елордада жүк тасымалы және логистика жөніндегі өңірлік форум өз жұмысын бастады. Аталған шара халықаралық әуе жүктері қауымдастығының (TIACA) бастамасымен әрі Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қолдауымен өтіп жатыр.
Іс-шараның ашылу салтанатында Көлік министрі Марат Қарабаев, Халықаралық әуе жүктері қауымдастығы (TIACA) төрағасы Стивен Полманс, TIACA бас директоры Глин Хьюз және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду жылы лебіздерін білдіріп, өңірлік форумның жұмысына сәттілік тіледі.
Silk Road in the Sky – Kazakhstan Cargo Hub форумы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға елеулі үлес қосуға бағытталған. Форум барысында жекелеген ұйымдар арасында келіссөздер жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша бірқатар әуежай (Астана, Қарағанды, Ақтөбе қалаларындағы әуежайлар) MNG Airlines, MSC Air Cargo SA, Coyne Airways Limited және Alpha Sky (Казахстан) (TBC) компанияларымен бірлескен құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Сондай-ақ TIACA мен жергілікті әуежайлар (Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Орал әуежайлары) және SCAT әуе компаниясы арасында, сондай-ақ TIACA Халықаралық әуе жүктері қауымдастығы мен JARUS ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Форумға әлемнің 30 елінен 300-ден астам адам қатысып жатыр. Олардың қатарында жүк тасымалдау тізбегіне қатысатын әртүрлі ұйымдардың өкілдері бар. Атап айтқанда, жүк жөнелтушілер, экспедиторлар, жерде қызмет көрсету провайдерлері, әуежайларды, әуе компанияларын, өндірушілерді және ақпараттық технологияларды жеткізушілер. Форум шеңберіндегі сессия барысында сала мамандарына келесі бағыттар бойынша өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріледі: саланың нормативтік-құқықтық базасы, жүк тасымалдау саласының қазіргі жағдайына шолу, мультимодальдық логистика, әуе жүк тасымалының хабтары, инновациялары және цифрландыру мәселелері, электрондық коммерцияның мүмкіндіктері, жүк тасымалының тұрақты дамуы және тұрақты авиациялық отынға қатысты мәселелер (SAF).
Қазақстандық компаниялардың жаһандық қоғамдастықпен өзара іс-қимылы және озық технологияларды қолдану Орталық Азия елдерімен тауар айналымын 2,4 есеге, яғни 6,3 млрд-тан 15 млрд АҚШ долларына дейін, оның ішінде қазақстандық экспортты 560 млн АҚШ долларына ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Первое мероприятие TIACA в Центральной Азии стартовало в Астане

Сегодня начал работу региональный форум по грузовым перевозкам и логистике, который проходит под эгидой Международной ассоциации грузовых авиаперевозок (TIACA) при поддержке Министерства транспорта РК и Авиационной администрации Казахстана
С приветственным словом к участникам регионального форума обратились Министр транспорта Марат Карабаев, председатель Международной ассоциации грузовых авиаперевозок (TIACA) Стивен Полманс, генеральный директор TIACA Глин Хьюз и Генеральный директор Авиационной администрации Казахстана Каталин Раду.
Форум Silk Road in the Sky – Kazakhstan Cargo Hub призван внести значительный вклад в реализацию Концепции развития транспортно-логистического потенциала Республики Казахстан до 2030 года. Во время форума состоятся переговоры между отдельными организациями, по итогам которых ожидается подписание документов между рядом аэропортов (аэропорты городов Астана, Караганда, Актобе) с MNG Airlines, MSC Air Cargo SA, Coyne Airways Limited и Alpha Sky (Казахстан) (TBC), а также подписание меморандумов о сотрудничестве между TIACA и местными аэропортами (аэропорты городов Актау, Актобе, Астана, Караганда, Уральск) и авиакомпанией SCAT, между Международной ассоциации грузовых авиаперевозок TIACA и организацией JARUS.
К форуму присоединились более 300 участников из 30 стран, представляющие различные организации, участвующие во всей цепочке грузовых перевозок. Среди них отдельно стоит отметить грузоотправителей, экспедиторов, поставщиков наземного обслуживания, аэропорты, авиакомпании, производителей, поставщиков информационных технологий. В ходе форума экспертам отрасли предоставляется возможность обсудить актуальные вопросы по нескольким направлениям, как нормативно-правовая база отрасли, обзор текущего состояния отрасли грузовых перевозок, мультимодальная логистика, создание грузовых авиационных хабов, тенденции, инновации и цифровизация грузовых авиаперевозок, возможности и вызовы электронной коммерции, устойчивое развитие грузоперевозок и экологичное авиационное топливо (SAF).
Стоит отметить, что взаимодействие казахстанских компаний с мировым сообществом и применение передовых технологий поможет нарастить товарооборот со странами Центральной Азии в 2,4 раза с 6,3 до 15,0 млрд долл. США, в том числе за счет увеличения казахстанского экспорта на 560 млн долл. США.
2024/06/21 05:32:28
Back to Top
HTML Embed Code: