This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қымбаттаған тарифтен түскен ақша қайда кетіп жатыр?

Биыл елдегі жылу электр орталықтарындағы 10 энергетикалық блок, 55 қазандық пен 45 турбина күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде станциялардағы ақаулар 27% азайып, графиктен ауытқу 3,3 есе қысқарған. 12 орталықтың жағдайы жақсарып, тоғызы қызыл аймақтан сарыға, үшеуі сарыдан жасылға өткен көрінеді.

Энергетика министрлігі мамандары мұндай нәтижеге елдегі коммуналдық тарифті өсіргеннің арқасында қол жеткізіп отырмыз, - дейді.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
Жапонияда Экспо-2025 көрмесі басталды. Халықаралық деңгейдегі шара Осака қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің әр түкпірінен 160-тан астам мемлекет қатысуда. 6 ай уақытқа созылатын көрмеде туристер 80-ге жуық павильонды тамашалай алады. Көрменің алғашқы ашылуында…
Қазақстан Жапониядағы EXPO көрмесінде донорлық жүректі ұзақ мерзімге сақтауға арналған құрылғыны таныстырды

Оны өзіміздің UMC Жүрек орталығы әзірлеген. ALEM деп аталады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәстүрлі әдіспен органды сақтау мерзімі небәрі 4–6 сағат болады. Ал отандық технология донорлық жүректі 24 сағаттан астам уақыт сақтауға мүмкіндік береді.

Құрылғының донорлық ағзаны сақтап қана қоймай, қажеттілік туындағанда емдеу мүмкіндігі де бар.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін!🌷

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ шетелге бөлінген 139 гранттың күшін жойды

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті шетелге бағытталған түрлі гранттық бағдарламалардан бас тартты. Олардың жалпы жиынтығы 140-қа жуықтайды. Қаржылық қоры шамамен 215 млн долларға тең.

Көмек қаржы әртүрлі елдердегі, соның ішінде Беларусь, Молдова және Қырғызстандағы жобаларға бөлінуі тиіс болған. Алайда, АҚШ үкіметінің тиімділік департаменті оны керексіз деп танып, гранттардың күшін жойған. Қаржыдан қағылған жобалар арасында Беларусиядағы жалған ақпаратқа жауап бағдарламасы да бар. Оның құны 2,4 млн долларға тең. Одан бөлек, Молдова 2 млн, Өзбекстан 2,5 млн, ал Қырғызстан 750 мың долларлық гранттардан айырылды. Қысқартуға Армения, Болгария, Бразилия, Ұлыбритания, Ливия, Мавритания, Тунис және Шри-Ланкадағы бағдарламалар да ілікті.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытай Boeing ұшақтарынан бас тартты.

Ел билігі жергілікті әуе компанияларға жаңадан талаптар қоюда. Бейжің американдық ең ірі ұшақ құрастырушы компанияның өнімдерін импорттауға тыйым салды. Тек тасымалды ғана шектеп қоймай, Боингке тиесілі ұшақ жабдықтары мен бөлшектерді сатып алуды тоқтатуды сұрады. Қытай билігі аталмыш ұшақ түрлерін пайдаланатын бизнес иелеріне жекелей қолдау шаралары қарастырылатынын жеткізді.

Бұған дейін, қытайлықтар Голливудтық фильмдерден де бас тартқан болатын. Қазір алпауыт екі ел арасындағы сауда соғысы өршіп тұр. Трамп Қытайға салынған импорттық баж салығын 145 пайызға дейін көтерді. Қарымта жауап ретінде Бейжің Вашингтонға 125 пайыз салық салды.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Көшербаевтың төрағалығымен мемлекеттік тілге қатысты комиссия отырысы өтті.

Үкімет жанындағы комиссия отырысында мемлекеттік тілдің ұлт бірегейлігінің іргетасы және дамудың стратегиялық ресурсы ретіндегі рөлін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Комиссия биылғы жұмыс жоспарын бекітті. Вице-премьер Ермек Көшербаев тілдік ортаны жүйелі жаңғыртуға, цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескере отырып, нормативтік-құқықтық базаны бейімдеуге күш салуды тапсырды.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Трамп ерікті түрде депортацияланған әр шетелдік үшін ақша төлеуге дайын

Ақ үй басшысы мигранттарға арналған жаңа бағдарлама қабылдамақ. Нақты айтқанда, келімсектерге стипендия тағайындап, елден тезірек шығарудың амалын жасамақшы. Трамп оны «өзін-өзі депортациялау бағдарламасы» деп атаған.

Жаңа жоба қаржылық көмек қана емес, уақыт өте елге заңды түрде қайта кіруге мүмкіндік береді. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен. Қазір оларды жаппай шығару және қамауға алу процесі жүріп жатыр.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
🎖Елімізде Ұлы Отан соғысына қатысқан 111 ардагер қалды

Еңбек министрлігінің 1 сәуірдегі есебі бойынша 83 048 ардагер тіркелген. Оның ішінде:

• ҰОС-ға қатысқан – 111 ардагер

• ҰОС ардагерлеріне теңестірілген – 16 796 ардагер

• Басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан – 26 553 ардагер

• ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 39 588


Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
⚡️«Бипэк Автоның» экс-басшысы Анатолий Балушкин сырттай 9 жылға сотталды

Кәсіпкер «өзгелердің мүлкін аса ірі мөлшерде алдау немесе алаяқтық жолымен иелену» бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Бұған қоса компанияның бұрынғы басшысы Ерік Сағымбаев «Қылмыстық топпен немесе аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару» баптары бойынша кінәлі деп танылды. Оған да сырттай 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Екеуі де Ресей азаматтары. Өскемендегі сот отырысына айыпталушылар қатыспады, үкім сырттай шығарылды.

Тергеу нұсқасы бойынша, Балушкин мен «Азия Авто» бас директоры Сағымбаев 230 млрд теңгені жымқырған. Қаражат бастапқыда автокөлік өндірісінің өнеркәсіптік зауытын салуға арналған.

Бұл істе жәбірленушілер ретінде Jusan Bank пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі танылды.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Астана аспаны 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында жабылады.

Шектеулер 16 күн сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жалғасады. Өйткені бұл уақыт аралағында әскери парадқа дайындықтар жүреді.

Әуе кеңістігінде оқу жаттығулар өтетіндіктен жолаушылар сапар кезінде шектеулерді ескеріп, әуежай қызметтерінен рейс жайында алдын ала ақпарат алу қажет.

Air Astana
Алматы: + 7 (727) 244 44 77
Астана: + 7 (7172) 58 44 77
қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77

SCAT +7 (7252) 99 88 80

Qazaq Air +7 (727) 356 14 14

FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)

Астана әуежайы +7 (7172) 702–999


Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сатылған жаңа көліктердің көшін Қытай автолары бастап тұр

Қазақстанда жаңа көліктерге сұраныс күрт артты. Басым бөлігі Қытай автоларының үлесінде. 2024 жылы рекордтық сатылым тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш былтырғыдан да асып түседі деген болжам бар.

Қазақстанның Автокөлік Одағының (ҚАО) ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, 2025 жылдың наурыз айында ғана 20 мыңға жуық жаңа автокөлік сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 25% өсім көрсеткен.

Сұранысқа ие 10 брендтің тізіміндегі алтауы қытайлық модельдер. Бұлар жеңілдетілген автонесие бағдарламаларына енген. Сәйкесінше, автонесие алатындар қатары да рекордтық көрсеткішке жетті. Бірінші несие бюросының мәліметінше, бір жылда 44,8 пайызға өсті. Несиенің орташа құны – 8 млн теңге. Жаңа көліктерге сұраныс әлі де артатынын ескерсек, қарыздың көлемі де көбейетіні анық.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Автосалоннан көлік алғандар сот жағалап жүр

Салоннан су жаңа көлік алып, соттасып жүрген астаналық тұрғынның жағдайы Қытай көліктеріне деген күмәнді күшейте түсетіні анық. Бір ғана нақты мысал болғанымен, тұтынушылар құқықын қорғау комитетіне шағымданғандар саны аз емес. Бәрі де көліктердің сапасына наразы. Олардың құқықтарын қорғау мүмкін бе? Сымбат Серікқызы анықтауға тырысты.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлемге танымал көлік маркалары өндірісті Қытайға көшіруге мәжбүр болады.

Қытайлық көліктер тиімді бағасымен бүкіл әлем нарығын жаулап жатыр. Оған соңғы бір жылда экспортты 30 пайызға арттырғаны дәлел. Ал неміс, жапон сынды әйгілі автоөндірушілер баға жағынан бәсекелесе алмай жатқан көрінеді.

Сондықтан дағдарысқа ұшырамас үшін Қытаймен ынтымақтастыққа отыруға мәжбүр. Автосалон директоры Бағдат Амангелді қазір әлемге танымал көлік маркалардың көпшілігі Қытайда құрастырылатынын айтады.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Президент Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісі қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

Заң шығару жұмысы

Сессия басталғалы бері:
62 заң қабылданып, Сенатқа жолданды;
✍️Президент 55 заңға қол қойды.

Олар қатарында: Су кодексі, сондай-ақ қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, тауарлардың шығарылған елін айқындау, денсаулық сақтау және ойын бизнесі туралы маңызды заңдар бар.

Бүгінге дейін депутаттардың қарауына 76 заң жобасы келіп түсті. Президент тапсырмасына сәйкес:

Салық, Құрылыс кодекстері;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, ғылыми зерттеу аумақтарын дамытуға, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге және жасанды интеллектіге қатысты заң жобалары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

AMANAT партиясының

«Қарызсыз қоғам»,
«Ауыл аманаты»,
«Жер аманаты»,
«Әкімдер мектебі» жобаларының жүзеге асырылу барысы таныстырылды.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/04/16 13:54:34
Back to Top
HTML Embed Code: