Telegram Web Link
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Кирабаев Алим Серикович освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Республике Польша.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

✍️ Указами Главы государства:


Жалгасбаев Нурлан Адельевич назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Республике Польша, он освобожден от должностей Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Республике Индия, Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Демократической Социалистической Республике Шри-Ланка, в Народной Республике Бангладеш, в Федеративной Демократической Республике Непал, в Королевстве Бутан, в Мальдивской Республике по совместительству;

Ескараев Азамат Несипбаевич назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Республике Индия.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇸 Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті

📞 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-серб қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

✔️ Тараптар Қазақстан Президентінің 2024 жылғы қараша айында Белградқа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.

✔️ Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандырудың, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы бірлескен бастамаларды нақты іске асырудың маңызын атап өтті.

✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇸 Состоялся телефонный разговор Главы государства с Президентом Сербии Александром Вучичем
 
📞 В ходе беседы главы государств высоко оценили динамичное развитие двустороннего сотрудничества и выразили взаимное стремление к дальнейшему укреплению казахстанско-сербских отношений.
 
✔️ Стороны обсудили ход реализации договоренностей, достигнутых в рамках официального визита Президента Казахстана в Белград в ноябре 2024 года.

✔️ Главы государств подчеркнули значимость активизации торгово-экономических и инвестиционных связей, в том числе практического выполнения совместных инициатив в сферах промышленности, энергетики, строительства, сельского хозяйства, цифровизации, транспорта и логистики.
 
✔️ В завершение беседы Касым-Жомарт Токаев подтвердил приглашение Александру Вучичу посетить Казахстан с официальным визитом.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇱 Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің Төрағасы Амир Охананы қабылдады

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру тұрғысынан бұл сапардың мәні зор деп санайды.

✔️ Кездесуде сауда-экономикалық серіктестікке баса назар аударылды.

✔️ Сонымен қатар су ресурстары саласындағы кооперация мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Израильде жасалған озық технологияларға жоғары баға беріп, еліміз аталған бағытта серіктестік орнатуға әзір екенін растады.

➤ Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Ол екі елдің көпжоспарлы байланыстарының табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып келе жатқанына тоқталды.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇱 Глава государства принял Председателя Кнессета Государства Израиль Амира Охану

➤ Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что визит спикера израильского парламента в Казахстан подтверждает общую приверженность укреплению казахско-израильских отношений. Глава государства отметил значимость данного визита с точки зрения рассмотрения перспектив двустороннего сотрудничества.

✔️ Особое внимание в ходе встречи было уделено торгово-экономическому партнерству.

✔️ Еще одной важной темой обсуждения стала кооперация в области управления водными ресурсами. Касым-Жомарт Токаев высоко оценил разработанные в Израиле передовые технологии и подтвердил готовность к партнерству в этой сфере.

➤ Амир Охана поблагодарил Президента Казахстана за теплый прием. По его словам, многоплановые связи между двумя странами продолжают успешно развиваться, открывая новые возможности для взаимодействия.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.

Негізгі көрсеткіштер:

🔵300 қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталған;
🔵Зардап шеккен азаматтарға 20 млрд теңгеге жуық өтемақы қайтарылған;
🔵Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 млрд теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталды;
🔵Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылған. Олардың бірі – трансұлттық топ;
🔵Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 23 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді.

➤ Агенттік ағаш пен темірдің заңсыз экспорттарының жолын кескен. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың ірі схемасы жойылған. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Азаматтарды қорғауға ерекше назар аударылып отыр:

🔵Заңсыз жұмыс істеген шағын қаржы ұйымдарының желісі анықталды. Олардан 327 мың азамат зардап шеккен. Келтірілген залал мөлшері 30 млрд теңгені құрайды;
🔵24 қаржы пирамидасы жойылды;
🔵Алаяқтық схемаларды таратқан 5,6 мың сайт бұғатталған;
🔵22 мыңнан астам мүшесі бар 30 топтық чат пен аккаунт жабылған.

Профилактикалық жұмыс:

🔵567 мың оқушыға және 100 мыңнан астам студентке қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілген.

➤ Парламент Мәжілісінің қарауына кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер енгізілген. Олар қабылданса, Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді.

📌 Президент:

✔️экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуды, көлеңкелі айналымның үлесін азайтуды, заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды, халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял председателя Агентства по финансовому мониторингу Жаната Элиманова

➤ Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет об основных итогах деятельности Агентства и задачах на предстоящий период.

Основные результаты:

🔵Завершено расследование 300 уголовных дел;
🔵Возмещен ущерб на сумму порядка 20 млрд тенге потерпевшим;
🔵Заморожены преступные доходы в виде криптовалюты организаторов финансовых пирамид на 2,2 млрд тенге;
🔵Ликвидированы 6 ОПГ, в том числе 1 транснациональная;
🔵Предотвращены необоснованные бюджетные расходы на 23 млрд тенге при реализации крупных инфраструктурных проектов.

➤ Агентством пресечены каналы незаконного экспорта лесоматериалов и металлолома, а также ликвидированы крупные схемы нелегального вывоза бензина, что позволило стабилизировать ситуацию на внутреннем рынке.

Особое внимание уделено защите граждан:

🔵Выявлена незаконная схема с участием микрофинансовых организаций, ущерб — 30 млрд тенге, пострадало 327 тыс. человек;
🔵Ликвидированы 24 финансовые пирамиды;
🔵Заблокировано 5,6 тысячи мошеннических сайтов;
🔵Закрыты 30 групповых чатов и аккаунтов с общей аудиторией более 22 тысяч человек.

Профилактика:

🔵Проведены уроки по финансовой безопасности для 567 тыс. школьников и 100 тыс. студентов.

➤ В Мажилис Парламента внесены законодательные поправки по вопросам противодействия отмыванию доходов. Их принятие позволит Казахстану достичь полного технического соответствия стандартам FATF.

📌 Президент поручил:

✔️ продолжить работу по профилактике экономических правонарушений, снижению теневого оборота, борьбе с отмыванием незаконно полученных активов, а также повышению финансовой грамотности населения.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Павлодар облысының әкімін қабылдады

➤ Асайын Байханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

Павлодар облысында экономиканың барлық негізгі саласы бойынша өсім байқалады:

🔵Былтыр өңірлік жалпы өнім 5,8%-ға ұлғайды;
🔵1,1 трлн теңге инвестиция (+38%) тартылды.

Облыс әкімі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады:

🔵Құрамында алтын бар концентратты қайта өңдеу және ферроқорытпа өндірісі бойынша 2 үлкен жоба қолға алынады.

🔵Екібастұзда 3 ферроқорытпа зауытын (қуаттылығы 460 мың тонна) салу жоспарланған. Бұл кәсіпорындар іске қосылса, Қазақстан ферроқорытпа өндірісі бойынша әлемде екінші орынға шығады.

➤ Барлық әлеуметтік міндеттеменің жүйелі түрде орындалып жатқаны туралы айтылды:

🔵30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған;
🔵40 әлеуметтік нысан пайдалануға берілген, тағы 83-і жаңғыртылған;
🔵Қосымша білім беретін 3 орталық, 1800 оқушыға арналған «Жайлы мектептер» салынған;
🔵Апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 3 білім беру нысаны бой көтеріп, 26 оқу ошағы жөнделген.

➤ Инфрақұрылым:

🔵Кейінгі 20 жылда алғаш рет жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 1,3 пайызға төмендеген;
🔵Қоғамдық көлік 80 пайызға жаңартылып, 230 автобус жеткізілген;
🔵Трамвай паркі жаңарып жатыр. Жаңа 25 вагонның алғашқы партиясы биыл қыркүйекте жеткізіледі.

📌 Президенттің тапсырмалары:

✔️Инвестиция тартуды жалғастыру,
✔️«Жайлы мектеп» ұлттық жоспарын сапалы және уақтылы жүзеге асыру,
✔️Облыс экономикасын одан әрі әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жүргізу.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент принял акима Павлодарской области

➤ Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет акима Павлодарской области Асаина Байханова об итогах 2024 года и планах на предстоящий период.

Павлодарская область демонстрирует рост по основным отраслям экономики:

🔵ВРП региона в прошлом году вырос на 5,8%;
🔵Привлечено 1,1 трлн тенге инвестиций (+38%).

Аким доложил о крупных инвестпроектах:

🔵Реализуются 2 больших проекта по переработке золотосодержащего концентрата и по производству ферросплавов.

🔵Планируется строительство трех ферросплавных заводов в Экибастузе (мощностью 460 тысяч тонн). Их запуск выведет Казахстан на 2-е место в мире по объему производства ферросплавов.

Проинформировал о последовательном исполнении всех социальных обязательств:

🔵Созданы свыше 30 тыс. рабочих мест;
🔵Открыты 40 новых и модернизированы 83 соцобъекта;
🔵Построены 3 центра дополнительного образования, комфортные школы на 1 800 мест;
🔵Возведены 3 школы взамен аварийных и модернизированы 26 школ.

Инфраструктура:

🔵Впервые за 20 лет снижена степень износа теплосетей на 1,3%;
🔵Обновлено 80% общественного транспорта, поставлены 230 автобусов;
🔵Обновляется трамвайный парк. Первая партия из 25 вагонов поступит в сентябре.

📌 Президент поручил:

✔️ Продолжить активное привлечение инвестиций,
✔️ Обеспечить качественную и своевременную реализацию нацпроекта «Комфортная школа»,
✔️ Усилить работу по диверсификации экономики, развитию социальной сферы, модернизации инфраструктуры и подготовке к весенне-полевым работам.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиын өткізді. Онда әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды.

➤ Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл жұмыс қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде өсімді және тартылатын инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі аса қолайсыз жағдайға қарамастан, еліміздің экономикалық дамуы бойынша өзі жариялаған басымдықтар, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты.

➤ Президент келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Глава государства провел совещание в связи с изменением ситуации на мировых рынках

➤ Президент Касым-Жомарт Токаев провел совещание с Премьер-министром Олжасом Бектеновым, председателем Национального банка Тимуром Сулейменовым и другими должностными лицами по ситуации в экономике в связи c обвалом цен на энергоресурсы и основные товары на мировых рынках вследствие тарифных конфликтов.

➤ Глава государства дал поручение в кратчайшие сроки завершить работу над планом действий Правительства и местных исполнительных органов в условиях финансово-экономического кризиса с целью недопущения снижения темпов роста и объема привлекаемых инвестиций.

➤ Президент подчеркнул, что, несмотря на крайне неблагоприятную конъюнктуру, объявленные им приоритеты экономического развития страны, включая крупные инфраструктурные проекты, цифровизацию и развитие искусственного интеллекта, модернизацию сельского хозяйства и транспортно-логистической сферы, будут реализованы.

➤ Ожидается, что на следующей неделе Глава государства проведет специальное совещание по этому вопросу.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Су кодексіне қол қойды

Кодекстің бірінші блогы су үнемдеудің жаңа тетіктерін енгізуге және су нысандарын қорғауға бағытталған. Заңнамаға алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Бұл азаматтар мен ел экономикасын су тапшылығынан, ал су нысандарын ластанудан қорғауды, сондай-ақ трансшекаралық су нысандарын қорғау мен пайдалану саласында Қазақстан Республикасының мүддесіне қызмет етеді.

Екінші блок саланы басқару тәсілдерін қайта қарастырады. Онда су ресурстарын қорғаудың басым бағыттарына, шешім қабылдауға жұртшылықты кеңінен тартуға және су шаруашылығы бассейндері негізінде басқаруға мән берілген.

Үшінші блок су тасқынының, судан келетін зиян мен залалдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

Төртінші блокта су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау қатаңдатылды. Бассейндік су инспекцияларына мемлекеттік бақылау функциясынан бөлек, жедел әрекет ете отырып мемлекеттік қадағалау жөніндегі өкілеттіліктер берілді.

Бесінші блок гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Су кодексінің мәтіні баспасөзде жарияланады.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
✍️ Главой государства подписан Водный кодекс Республики Казахстан

Первый блок новелл Кодекса направлен на внедрение новых механизмов водосбережения и охрану водных объектов. Впервые в законодательство введено понятие «водная безопасность». Оно охватывает защиту граждан и экономики от дефицита воды и загрязнения водных объектов, а также защиты интересов Республики Казахстан в области охраны и использования трансграничных водных объектов.

Вторым блоком пересмотрены подходы к управлению водными ресурсами с акцентом на приоритетность их охраны, широкое вовлечение общественности в принятие решений и важность управления на основе водохозяйственных бассейнов.

Третий блок новелл предусматривает мероприятия по предупреждению и ликвидации вредного воздействия вод, включая противопаводковые мероприятия.

Четвертым блоком новелл ужесточено государственное регулирование и контроль в области использования и охраны водного фонда. Бассейновые водные инспекции помимо функции госконтроля также наделены полномочием по государственному надзору с применением мер оперативного реагирования.

Пятый блок направлен на обеспечение безопасности гидротехнических сооружений.

Текст Водного кодекса публикуется в печати.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/04/15 15:25:25

❌Photos not found?❌Click here to update cache.


Back to Top
HTML Embed Code: